құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары - Мемлекеттік қызметшілері мінез - Содержание - Байғанин аудандық мәслихаты

     
   Байғанин аудандық мәслихаты  
     

Сайттың мәзірі


 

Мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

 Байғанин  аудандық  мәслихат хатшысының
2018 жылғы «27» маусымдағы
№ 117 өкімімен
БЕКІТІЛДІ

«Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің  мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
 
1. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты»  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және Байғанин  аудандық  мәслихат қызметінің ақпарттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастары саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсыныстар жүйесін ұсынады.
2. Стандарт «Байғанин аудандық мәслихатының  аппараты»  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқының қалыптасуына, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін уақытылы анықтау және теріс салдарларын жою үшін арналған.
3. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты»  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілердің іс - әрекет қағидалары:
 
3.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске  асыру кезінде:
 
1) Қазақстан Республикасының Конституциясының талаптарын, заңдылық, әдептілік принциптерін, және өзге де  нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу;
2) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдау;
3) лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерді орындау нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға болмайды;
5) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізу;
6) туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте өзiнiң тiкелей басшысын немесе өзі жұмыс жасайтын мемлекеттiк органның басшылығын ол жөнінде жазбаша түрде хабардар ету;
7) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға;
8) қызмет бабын теріс пайдалануға, қызметтік іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде негізсіз бюрократизм мен әуре-сарсаң көріністеріне, сондай-ақ дөрекілік пен біржақтылық көріністеріне жол бермеу;
9) жеке мүліктік және мүліктік немесе пайдаларды алу үшін лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдаланбау;
10) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру әрекеттерін жүзеге асыру;
11) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету.
 
3.2 Өз құзіреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді қабылдау кезінде:
 
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға төзбеушілік таныту;
2) кәсіби (қызметтік) этиканы сақтау;
3) бағынысты қызметкерлердің  қызметіне ықпал етуге өзінің қызметтік дәрежесін пайдалануға жол бермеу және құқыққа қарсы қылықтарды жасауға мәжбүрлемеу;
4) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптау, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеу;
5) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмау, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану;
6) адал, әділ, қарапайым болу, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту;
7) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;
8) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбау;
9) мемлекеттік сатып алу саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, бюджет жүйесінің принциптарын нұсқау етіп қолдану, тиімді мен үнемді натижелерге қол жеткізуге тырысу;
10) мемлекеттік сатып алу саласында өзінің іс-әрекеттерімен (немесе әрекетсіздікпен) сынға себепкер болмау, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету;
11) кадрларды іріктеу кезінде шығу тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітушіліксіз үміткерлерге тең жағдайларды қамтамасыз ету;
12) меритократия принципті ұстануын қамтамасыз ету, кадрлық мәселелерді шешу барысында туысқандық, жерлестік, жеке берілгендік нышандар бойынша артықшылықты көрсетпеу;
13) бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстық іріктеуін өткізген кезде үміткерлерге тең жағдайларын қамтамасыз ету, конкурстық кезеңдер жөнінде барлық қажетті ақпаратты интернет ресурста орналастыру.
 
3.3 Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындаған кезде:
 
1) Байғанин аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік қызметкерлерімен әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №568 «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес болуы тиіс;
2) нормативтік құқықтық актілердің, мәслихат сессия отырысының, тұрақты комиссия отырыстарының қаралатын мәселелердің жариялығын қамтамасыз ету
 
3.4 Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге де қарым-қатынастар туындаған кезінде:
 
1) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану;
2) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасау;
3) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін тұрақты арттыру;
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көрсетілген тәртіппен және белгіленген мерзімде табыстары және мүлкі туралы декларацияны нысан бойынша ұсыну;
5) Заңда белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтардың  жасалуына жол бермеу;
6) егер мемлекеттік қызметші, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.
 
4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:
 
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде оның ұйымдық - құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруда қатысуға, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кірмесе;
3) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысу;
4) өкілді органның депутаты болуға;
5) өзі қызметте тұрған, не өзіне тікелей бағынысты немесе бақылаудағы мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкілі болуға;
6) оның қызметтік қызметінің материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;
7) өз тарапынан қоғамдық имандылыққа қол сұғумен ұштасқан, заңнама талаптарын, тәртіпті және қауіпсіздікті бұзуға және басқа да азаматтарды құқыққа қайшы және қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартуға;
8) оның еңбек қызметіне байланысты іс-әрекеттері үшін заңды және жеке тұлғалармен қызметкерге берілетін сый ретінде  кез келген сыйлықтарды, ақшалай сыйақыны, қызметтерді, несиелерді, демалыс шығыстарын төлеу, көлік шығыстарын төлеу, ұялы байланысын төлеу және басқа да сыйақы алуға;
9) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет істеу;
Мемлекеттік қызметшімен жоғарыда көрсетілген шектеулердің бұзылған  жағдайында   тәртіптік  жаза  қолданылады.

 

ҚР Президенті




«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


Послание Главы государства Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие»

 

Сайттың іздеуі


Поиск

 

Келушілер


Дүйсенбі69
Сейсенбі59
СӘрсенбі84
Бейсенбі64
Жұма60
Сенбі3
Жексенбі46
Қазір online:1
Барлығы351901
Рекорд:3111

 



 

Powered by Open SLAED © 2005-2018 SLAED. All rights reserved.