Байғанин аудандық мәслихаты

01.12.2018 - Баспасөз хабарламасы

Байғанин аудандык мәслихатының «Байғанин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 110 «2018-2020 жылдарға арналған Байғанин аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ

Облыстық бюджеттің нақтылануына байланысты және аудан мәслихаты депутаттарының бастамасымен Байғанин аудандық бюджетіне 2018 жылға мынадай өзгерістер енгізу ұсынылып отыр.
Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №349 шешімімен жыл басында аудандық бюджетке бөлінген мына нысаналы трансферттердің көлемдері өзгертіліп отыр:
 



 • Ақтөбе облысы, Байганин ауданы, Оймауыт ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы – - 22 712,0 мың теңге;
• Жалақыны ішінара субсидиялауға – 364,0 мың теңге;
• Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шығыстардың осы бағыт бойынша төленген сомаларын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер – -38 570,0 мың теңге;
• Ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер – -6 706,0 мың теңге;
• Ақтөбе облысы, Байганин ауданы, Қарауылкелді ауылындағы Болашақ тұрғын массивін электр желілерімен қамтамасыз ету кұрылысы – - 6 803,0 мың теңге;
• Білім берудің ведомствалық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың күрделі шығыстарына – - 100,0 мың теңге.
Өзгерістерді енгізгенде, бюджеттің кірістер жағы 5 814 710,8 мың теңге, шығындар – 6 169 243,3 мың теңге көлемінде бекітуге ұсынылады.
«Байғанин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №110 «2018-2020 жылдарға арналған Байғанин аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімнің жобасы www.baiganin. raimaslihat.kz сайтында 2018 жылы 1 желтоқсанда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 28 қараша 2018 жылы орналстырылды. Байғанин ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2018 жылы 10 желтоқсандағы №73 хатымен алынды.


Опубликовано на сайте: http://baiganin.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://baiganin.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=156