Байғанин аудандық мәслихаты

06.04.2020 - Аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпысыншы сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабы 2 тармағына және 18 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпысыншы сессиясы 2020 жылғы 7 сәуір күні сағат 15.00-ге шақырылсын.

Күн тәртібінде:

1. Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Баяндамашы: Ш. Қ. Спанова – аудандық жқмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
2. Басқа мәселелер.

Сессия төрағасы Н. Есказиева - №6 Жарлы сайлау
округінен депутат


Опубликовано на сайте: http://baiganin.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://baiganin.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=247