Байғанин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурсты өткізу туралы хабарлама - Вакансиялар - Новости - Байғанин аудандық мәслихаты

     
   Байғанин аудандық мәслихаты  
     

Сайттың мәзірі


 

Новости

Поиск

[ Главная | Лучшие | Популярные | Список ]

Байғанин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурсты өткізу туралы хабарлама

Байғанин аудандық мәслихаты, Байғанин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша Жұмыс тобының мүшелігіне конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар, Жұмыс тобының мүшелігіне конкурстық іріктеуді өткізу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарды, 2016 жылғы 4 ақпаннан бастап 14 ақпанға дейін, аудандық мәслихатқа жолдайды (ұсыныста мынадай мәліметтер болуы қажет: кандидаттың Аты-жөні, дүниеге келген жылы, айы, күні, туған жері, тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары).



Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қарауылкелді ауылы, Қонаев көшесі,36, 201 бөлме, сағат 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс 13.00-тен 14.00 дейін, анықтама үшін телефондар: 22-2-35 және 22-9-97.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 15-тармағына сәйкес, өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
Азаматтық қоғамнан Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатқа, Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес қойылатын талаптарға сай, Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы кандидат бола алады.
 Кандидат:
        1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
 Конкурстық іріктеу өткізу үшін кандидатураларды ұсыну барысында, Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат, оның «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өзінің келісімін береді.
Байғанин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттарды 15 ақпан 2016 жылы  мына мекенжайда: Қарауылкелді ауылы, Д. Қонаев көшесі, 36 үй, 202 бөлме, сағат 15.00 өтетін жұмыс тобының отырысына шақырамыз.  Талқыланатын мәселелер: коммерциялық емес ұйымдармен азаматтар ұсынған  Байғанин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне кандидатураларды талқылау.

ҚР Президенті




«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


Послание Главы государства Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие»

 

Сайттың іздеуі


Поиск

 

Келушілер


Дүйсенбі79
Сейсенбі102
СӘрсенбі113
Бейсенбі124
Жұма88
Сенбі116
Жексенбі72
Қазір online:3
Барлығы362138
Рекорд:3111

 



 

Powered by Open SLAED © 2005-2019 SLAED. All rights reserved.