Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру - Вакансиялар - Новости - Байғанин аудандық мәслихаты

     
   Байғанин аудандық мәслихаты  
     

Сайттың мәзірі


 

Новости

Поиск

[ Главная | Лучшие | Популярные | Список ]

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» ММ, 030300, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Д. Қонаев көшесі, № 36, 201 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71345)22997, факс: 8(71345)22235, e-mail: raimaslihat@list.ru, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
«Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» ММ жетекші маманы, Е-5 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  - 69 124 теңгеден 93 275 теңгеге дейін.
 



Функционалдық міндеттері: Мәслихаттың іс қағаздарын жүргізу, корреспонденцияларды қорыту, құжат айналымын талдау, қызметтік құжаттарды, хаттар мен арыздарды қарау, азаматттарды қабылдауды ұйымдастыру, Бірынғай жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу базасы («Айқын» бағдарламасы) бойынша жұмыс жүргізу, «Е-қызмет» жүйесімен жұмыс жүргізу. Аудандық мәслихат сессияларының, тұрақты комиссиялардың отырыстарының хаттамаларын жүргізу, заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
    Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық, гуманитарлық, заңгерлік немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық, гуманитарлық, заңгерлік білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,  аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
 жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
 Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі қажет.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) нысанға сәйкес өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
          3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» ММ-сі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттар конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» ММ-де өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Байғанин аудандық мәслихатының  аппараты» ММ-де тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» ММ-не жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

ҚР Президенті




«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


Послание Главы государства Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие»

 

Сайттың іздеуі


Поиск

 

Келушілер


Дүйсенбі534
Сейсенбі451
СӘрсенбі430
Бейсенбі427
Жұма384
Сенбі362
Жексенбі366
Қазір online:53
Барлығы253227
Рекорд:1750

 



 

Powered by Open SLAED © 2005-2017 SLAED. All rights reserved.